Петропавлда ер адам паяльник шамын бензинмен толтырмақ болған кезде денесінің 90 пайызын күйік шалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Петропавловск.news мәліметінше, зардап шеккен азаматтың жағдайы аса ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне 30 жастағы ер адам денесінің шамамен 90%-ын күйік шалған күйде шұғыл жеткізілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол бензинді паяльник шамына құймақ болған кезде жарақат алған.
«Әйелінің айтуынша, оқиға кезінде ер адамның қолында тұтанған темекі болған. Жарылыс болып, киімі тұтанып кеткен. Зардап шеккен азамат бірден жансақтау бөліміне, қабылдау бөлмесін айналып өтіп жеткізілді», — деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, науқаста жалыннан болған 2–3А-Б дәрежелі күйік бар. Басы, денесі, аяқ-қолдары және тыныс алу жолдары зардап шеккен. Сондай-ақ, оған күйіктік шоктың II–III дәрежесі диагнозы қойылған.
Қазіргі уақытта ер адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр және тұрақсыз деп бағалап отыр. Қажетті медициналық көмектің бәрі көрсетілуде.