Елімізде 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылы оқушылардың 90%-ы профилактикалық тексеруден өтті және балаларды динамикалық бақылаумен қамту 3% өсті. Балалардан көбіне ас қорыту, көру, тыныс алу ағзаларының аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар анықталып жатыр, - дейді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.
Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде келесі іс-шаралар іске асырылып жатыр:
- мейіргер жүктемесін азайту (мектеп мейіргерінің 700 балаға 1 ставкасы 500 балаға 1 ставка деп азайтылды);
- 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық аурулардың алдын алу кабинеттерін ашу;
- медициналық-санитариялық алғашқы көмек жанындағы мектеп медицинасы бөлімшелерін ұйымдастыру;
- кәсіптік тексерулер жүргізу тәртібін қайта қарау және мамандардың біліктілігін арттыру.
Цифрландыру бойынша автоматтандыруға арналған мынадай IT-шешімдер енгізіліп жатыр:
- вакцинациялауды және тексеруді жоспарлау;
- балалардың өтінішін онлайн тіркеу;
- eGov және СМС арқылы ата-аналармен 1414-пен байланыс;
- "Күнделік", "Bilim.Class", "Білімал" "EDUS.Mektep" жүйелерімен интеграциялау.
Ведомствоаралық өзара іс қимыл шеңберінде келесі жобалар іске асырылып жатыр:
- ментальды және репродуктивті денсаулықты қоса алғанда, "Денсаулық сабақтары";
- жарақаттардың алдын алу жөніндегі жол карталары;
- "Денсаулыққа ықпал ететін мектептер" жобасы;
- 2030 жылға дейін мектеп медицинасын ғылыми зерттеу.