Семейде балабақшада бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына қарғалар шабуыл жасады. Олар баспалдаққа құлаған ұядағы балапандарын аймақтағы адамдардан қорғамақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖМ-нің мәліметінше, Семейде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде ерекше авариялық-құтқару операциясы жүргізілген.
"Онда қарғаның балапаны бар ұясы жеке балабақшаның кіреберісіне құлаған. Ал балапанның ата-анасы үлкен қарғалар оны қорғау үшін мектепке дейінгі балалар мекемесіне келгендердің барлығына шабуыл жасады", - делінген хабарламада.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері балапанды адамдардан қауіпсіз қашықтыққа апарып, босатты.