$511.59 €575.28 ₽6.33
×

Қазақстанда суды заңсыз пайдаланғандарға жауапкершілік күшейеді

AstanaTV
20.05.2025ж. 18:39
60
Қазақстанда суды заңсыз пайдаланғандарға жауапкершілік күшейеді

Қазақстанда суды заңсыз пайдаланғандарға жауапкершілік күшейеді. Жаңа Су кодексі 10-маусымнан бастап қолданысқа енгізілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұтынатын судың «көлеңкелі нарығын» жою үшін қабылданған маңызды шешімдер туралы қызылордалық шаруалармен жүздескен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

«Міндетті түрде шаруа қожалықпен келісімшартқа отыруы керек. Заңсыз суды ешкім алмауы керек. Келісімшарт жоқ па, суды заңсыз алып жатыр деген сөз. Жаңа Су кодексін қабылдадық. 10-маусымнан бастап күшіне енеді. Суды заңсыз пайдаланғандар үшін жауапкершілікті күшейтіледі», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Шаруаларға суды есеппен беру су үнемдеу технологиясын дамытуға да әсерін тигізіп отыр. Мәселен биыл Қызылорда облысында су үнемдеу үшін 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазермен тегістелді. Ал былтыр 55 мың гектарды тегістеудің нәтижесінде 200 млн текше метр су үнемделген. Бұл орташа өнімнің өсім алуына сеп болды.

Айта кетейік, Үкімет ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лазермен тегістегіштерді сатып алу шығындарын 50 пайызға дейін субсидиялайды.

«2023 жылы шарулармен кездестім. 200 гектар лазерлік тегістеу сатып алған шаруа қожалықтарға 200 мың гектар жер болмаса субсидия төленбейтін. Шаруа қожалықтар маған шектеуді алып тастуды өтінген. Біз оны алып тастадық», – деді министр.