Елімізде алғаш рет ауа ылғалдылығын өлшеуде маңызды болып саналатын шық/қырау нүктесінің температурасын өз бетімізше жаңғыртатын технология жасалды,-деп хабарлайды Astana TV.
Оны әзірлеген — 27 жастағы жас ғалым, «ҚазСтандарт» қызметкері Асылбек Жұмағали. Оның жасаған насытқыш құрылғысы елге жыл сайын шетелге калибрлеуге тәуелді болмауға мүмкіндік беріп, ғылымда үлкен серпіліс әкелмек.
Жаңа құрылғы 2024 жылы патенттелді (Патент №9626), ал зерттеу нәтижелері халықаралық Metrology журналында жарияланды.
Қазақстан бұл жетістік арқылы халықаралық салыстыру жобасына алғаш рет пилоттық зертхана ретінде қатысып отыр.