$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Павлодарлық мектепте оқушыны ұрған жасөспірімнің ата-анасы айыппұл арқалады

AstanaTV
20.05.2025ж. 21:11
184
Павлодарлық мектепте оқушыны ұрған жасөспірімнің ата-анасы айыппұл арқалады

Бұзақы бала мектепішілік есепке қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде С.Торайғыров атындағы мектепте жетінші сынып оқушысы өзінен кіші жас балалардан ақша бопсалап, кейбіреулерді ұрған деген хабар жарияланды. Жәбір көрген оқушының ата-анасы полицияға арыз жазған.

– Оқиғаға қатысқан кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Кәмелетке толмағанның заңды өкілі балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған бала профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін мектепішілік есепке қойылды, – деп жауап берді облыстық полиция департаментінде.

Материалдар қосымша алдын алу шараларын қабылдау және осындай мінез-құлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін сотқа және Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді. Қалалық білім беру бөлімі орын алған жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.