$511.59 €575.28 ₽6.33
×

Қостанай облысында жол апатынан шетелдік азаматтар қаза тапты

20.05.2025ж. 20:00
48
Қостанай облысында жол апатынан шетелдік азаматтар қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан алты адам қаза тауып, бес жолаушы жарақат алды. Полиция департаментінің хабарлауынша көлік апаты «Алматы – Екатеринбург» автожолында, «Қайрақ»шекара бекетінен екі шақырым жерде болған. Ford Transit автокөлігінде DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Ford көлігінде 10 шетел азаматы болған көрінеді. Оқиға орнында алты адам қаза тауып, тағы бес жолаушы түрлі жарақатпен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді.