Картоп пен көкөніс қымбаттап жатыр. Мамандар бағаның өсуіне әсер еткен негізгі факторларды атады. Бұл – әлеуметтік кәсіпкерлік корпарацияларында көкөніс қорының жеткіліксіздігі және белгіленген сауда үстемесінің асып кетуі. Маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорларының жұмысын ұйымдастырыла алмаған аймақтарға сынға айтылды. Өңірлердегі азық-түлік бағасын тілшілер айтады.
БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Атырауда азық-түлік бағасына тоқтау болмай тұр. Әсіресе, күнделікті тұтынатын ет, сүт өнімдері, пияз бен картоп бағасы ырыққа көнер емес. Базардағы бұқараның көңілі - пәс. Тамақ алу үшін қарыз сұрауға көштік ,-дейді.
Халық күнделікті тұтынатын сүт өнімдері мен ет 2 пайызға, картоп 7, пияз 13, қырыққабат 20,3 пайызға секірген. Теңгемен айтсақ, картоптың бір келісі 500 теңгеге жуықтаған. Уақ пияздың өзі 350ден саудалануда.
БЛИЦ:
- Картоп алтын сияқты. 400 теңге - 500. Кез-келген кісінің жағдайы келмейді алуға.
- Жаңа алдым 7 келі етті 3800-ден. Фарш та сондай. Бәрі қымбат қой +Картоптар 450. Ол да оңып тұрған картоп емес, аралап-аралап аласың.
Саудагерлер де бұрынғыдай сауда жоқ,- дейді.
ГҮЛБАРШЫН ДІНҚУАТОВА, САТУШЫ:
Енді мен де нан табу үшін тұрмын ғой. 50 теңге қосамын, 50 теңге қосқаныммен бұның ішінде қырғын шірігі шығады ғой. Жүк тасушы 1 қап жуа алып келе ме, оған 200 теңге ақшасын берем. Ішетініміз бар, жейтініміз бар.
Картоптың алтынға теңелуінің себебі бар. Пәкістанның биылғы өнімі. Атырауға тоңазытқышы бар арнайы көлікпен тасымалданады. Өзіндік құнына логистика қосылады. Делдалдар үлесі тағы бар.
АЛТЫНАЙ ЕРУБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жақсы өнімді аламын десе, ол - қымбат. Пәкістаннан келген, Өзбекстаннан келген өнім. Былтырғы өнім алам десе ол да бар. Сапасы жеуге келеді. Бірақ қарайған, өзіңіз білесіз ғой, былтырғы болған соң. Картоп Павлодар, Пияз Тараздан, Қырыққабат Өзбекстан, Шымкент, сәбіз жергілікті.
БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Қазір облыс орталығында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда кәсіпкерлер өз өнімін халыққа делдалсыз сатады. Есесіне тұрған орны мен шатыры тегін. Осылайша шарықтаған бағаны сәл де болса қолжетімді етуге тырысып жатыр. Ал мамандар жазға таяу сүт өнімдері мен ет бағасы арзандайды деп болжап отыр. Өзге өңірдегі өзгерісті әрі қарай әріптесім айтады.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Астықты өлкеде азық – түліктің арзандайтын түрі жоқ.Баға ырыққа көнер емес.Көпшіліктің айтуынша Қостанайда сиыр еті қымбат. Қой етінің құны да құбылып тұр.Сары майдың келісі жеті мың теңгеге жеткен.
БЛИЦ:
- Ет қымбат. Бәрі де қымбаттап жатыр.Сүт те, май да бәрі де қымбат.Майдың бағасы масқара қазір.
- Сүт өнімдері қымбаттады.Қазіргі свежий урожай дейді.Бәрібір қымбат.Капуста.Тауық еті әйдік қымбаттады. Жұмыртқа бағасы түспей жатыр.500-600 солай тұр әлі.
- Картоп қымбаттап тұр 400-390 теңге. Фарш қымбаттады. 2800 теңге болған қазір 3300 теңгеге кетіп қалған.
Тобыл өңірінде сиыр етінің келісі 4 мың теңгеден асып кетті.Көк базарда көкөніс бағасы сәл арзандаған көрінеді. Қызанақтың келісі бұрын 1500 теңге болса, бүгін 1 мың теңгеге түскен.Қиярдың келісін 600 теңгеге табуға болады.Ал картоп құны қымбат. 400 теңге.Қалалық билік өкілдері ірі сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құны тұрақты, деп сендірді.
ЕРКІН ӘУБӘКІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Мамыр айында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан 1223 тонна азық-түлік дүкендерге жеткізілді.Түркістан облысынан арзан бағамен қырыққабат алдыртып жатырмыз.Келісі 160 теңгеден болады.Осыған дейін 19 ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда өнім бағасы 15 пайыз төмен сатылады.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Қостанайдағы елуден астам супермаркетте 15 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылады.Оның бағасын қалалық бөлім бақылауда ұстап отыр.Бірақ базардағы баға ырыққа көнбей тұр.