$511.59 €575.28 ₽6.33
×

Шымкентте жас отбасыларға жалдамалы пәтер беру тоқтатылды

AstanaTV
20.05.2025ж. 22:00
47
Шымкентте жас отбасыларға жалдамалы пәтер беру тоқтатылды

Бұл топтағы азаматтар мемлекеттің мұндай қамқорлығын 2019 жылдан бері пайдаланып келді, деп жазады inbusiness.kz сайты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мегаполисте жыл сайын 1000 жас отбасы тек жалдау ақысын төлеп, жайлы пәтерлерде тұрды. Жергілікті билік биылдан бастап бұл бағдарламаны мүлдем тоқтатты. Сондықтан жастарға тұрып жатқан баспаналарын босату туралы ескерту қағазы берілді.

Бұдан былай жастарды тұрғын үймен қаматамасыз ету үшін ипотекалық несие беріледі. Қала әкімдігі мен "Отбасы" банкі арасында келісім жасалып, жастар "Қамқор" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Олар тұрғын үй бағасының 10 пайызын алғашқы жарна ретінде төлеп, 20 млн теңгеге дейін несие ала алады. Банк қаржысының қайтарым үстемесі төмен.

"Қамқор" ипотекалық бағдарламасының тағы бір ерекшелігі – тек бірінші нарықтан ғана емес, екінші нарықтан да пәтер алуға мүмкіндік беріледі. Жеке сектордан үй алуға да болады.