$511.59 €575.28 ₽6.33
×

Қазақ қызы "Реал Мадрид" клубында жұмыс істей бастады

AstanaTV
20.05.2025ж. 22:33
80
Қазақ қызы "Реал Мадрид" клубында жұмыс істей бастады

Қазақ қызы Альбина Бунеску атақты Мадридтегі "Реал" футбол клубының маркетинг бөліміне ресми түрде қызметке орналасты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Альбинаның айтуынша, ол Мадрид университетінде спорттық маркетинг мамандығы бойынша магистратурада білім алған. Бағдарлама аясында тек үздік төрт студентке "Реал Мадрид" клубында тәжірибеден өтуге мүмкіндік берілген.

Келісімшартқа қол қойылды, енді бәрі ресми. Бұл туралы ашық айтатын сәт келді. Мен "Real Madrid" клубында жұмыс істеймін! Мен Real Madrid Stadium департаментіндегі қызметімді бастадым. Бұл менің "Real Madrid" университетіндегі спорттық маркетинг бойынша магистратурада оқығанымның нәтижесі. Оқу барысында мен ТОП-4 үздік студенттің қатарына еніп, клубта жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болдым, - деп қуанышымен бөлісті.

Қазақстандық қыз ең танымал клубтардың біріне ресми қызметке тұрған алғашқы жұмыс күні туралы да айтып өтті.

Бүгін менің "Реал Мадрид" стадионы департаментіндегі алғашқы, тебіреніске толы жұмыс күнім. Бұл туралы айтып отырғаныммен, айтқаныма өзім де сене алар емеспін. Бұл қазақ қызының іштей толқуға толы мақтанышы. Айтып жеткізе алмайтын сезімді бастан кешіріп отырмын. Қазақстандық қыз үшін бұл еселенген жеңіс деп санаймын. Алда үлкен жұмыс, халықаралық жобалар мен жаңа сынақтар күтіп тұр. Бірақ мен оған толықтай дайынмын!,- дейді Альбина Бунеску.