$511.59 €575.28 ₽6.33
×

17 жастағы қыз пластикалық отадан кейін көз жұмды

AstanaTV
21.05.2025ж. 00:04
64
17 жастағы қыз пластикалық отадан кейін көз жұмды

Мәскеуде пластикалық хирургиядан кейін қайғылы оқиға тіркелді — Пенза қаласынан келген 17 жастағы Александра есімді қыз пластикалық ота кезінде қатты қан кету салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның өліміне медициналық қателік себеп болуы мүмкін.

Александра 11 сәуір күні Мәскеудегі Пластикалық хирургия және косметология институтында жоғарғы жақ сүйегіндегі кемістікті түзету үшін ота жасатуға келген. Алайда операция барысында қатты қан кету басталып, пациент кемінде бір литр қан жоғалтқан. Осы жағдайға байланысты ота толық аяқталмаған.

Қан тоқтатылғаннан кейін Александра жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, ояну палатасына ауыстырылды. Алайда бойжеткен есін жимай, кейін Морозов атындағы балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Дегенмен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол 16 мамыр кешкісін қайтыс болды.

«База» дереккөзіне сәйкес, тергеушілер бұл іске байланысты тексеру жұмыстарын бастады. Қыз ауруханаға жеткізілген сәтте оның миы ісінгені анықталған. Бір нұсқа бойынша, Александраның өліміне пластикалық ота кезінде кеткен медициналық қателік себеп болуы мүмкін.