Бес жыл бұрын жаһан жұртын дүрліктірген тәжвирусы Орталық Азияда қайта өршіді. Гонконг пен Сингапурде жағдай қиын. Аталған қалаларда апта сайын 14 мыңнан аса адам вирус жұқтырып жатыр. Ал елімізде «Омикрон» штаммы айналсоқтап жүрген көрінеді. Індеттен қалай сақтанған жөн? «Алматы» телеарнасының студия қонағы Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Перуза Арықова сұрақтарға жауап береді.
– Перуза Жаймұханқызы, әлемдік БАҚ Орталық Азияда ковидтің қайта өршігенін жазып жатыр. Алматыда жағдай қалай? Науқастар көбейді ме?
«Коронавирусты инфекцияға келетін болсақ, бұл – жұқпалы аурулардың бірі. Ауа тамшы жолдарымен жұғатын инфекция. Алматыда жағдай қалыпты десек болады. «Омикрон» штаммы 2020-2021 жылдарғы «дельта» штаммына қарағанда жеңіл өтеді. Оның белгілеріне келетін болсақ, жаңа айтып өткендей, жедел респираторлы вирусты инфекциялар сияқты – бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, сосын жөтел болуы мүмкін, түшкіріп, тамақтың ауруы, иіс пен дәм сезбеуі мүмкін, дене сырқырап ауырады.
–Елде ковид өршіген тұста адамдар екпе алды, ревакцина жасатты. Қазір екпе алудың қажеті бар ма, қоғамдық иммунитет қалыптасты ма?
«Вакцинаға келетін болсақ, 2020-2021 жылдары өздеріңізге мәлім, вакцинация болды, ревакцинация жасалды. Әрбір адамның өзіне лайықты иммундық жүйесіне байланысты антиденелер пайда болды десек те болады. Ал вакцина алмаған адам болса, оларға жұқпауы мүмкін. Бірақ негізі көпшілігіміз, 90 пайыздай адам осы аурумен ауырып, өзіне лайықты иммунитеті пайда болды десек болады.
«Денсаулық сақтау министрлігі елде жағдай тұрақты екенін айтты. Десе де, вирустан қалай сақтанған жөн?
«Вирустың алдын алу жолдарын атап өтсек, көпшілік жиналатын жерлерге барудан бас тарту, егер үйде болсаңыз, бөлмені таза ауамен желдету, ылғалды тазалау дейміз, осындай жеке қағидаларды сақтау керек. Қолды жуу қажет. Ал ауруып қалған жағдайда бетперде пайдаланған жөн»