$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана күніне орай азаматтар «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданды

AstanaTV
04.07.2017ж. 20:00
3547
Астана күніне орай азаматтар «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданды

«Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Астана күніне орай азаматтарды партия қатарына қабылдау рәсімі болып өтті. Саяси ұйымның жаңа мүшелеріне партбилет табыстаған партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бірқатар жәйттерге тоқталды. Әсіресе жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуы аса маңызды екенін айтты. Партия қатарына қосылған азаматтарға саяси бағыттарды жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Париялық билет алғандардың сапында эстрада жұлдыздары мен спорт майталмандары да бар. Өз ісінің шеберлері мен ортасынан озық шыққан 18 азамат таңдап алынған.

Партия мүшелігіне қабылданғандар арасында «Астана» телеарнасы «ақпараттық сараптама» департаментінің директоры Анар Каринтаева да бар. Сондай-ақ Балқаш каласындағы Мыс балқыту зауытының жұмысшысы Төлеу Таңжарық бүгін партия билетіне ие болды.

Төлеу Таңжарық, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Астана күні қарсаңында, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында мен үшін Мұхтар Абыралыұлы қолынан партия билетін алу өте маңызды, әрі абыройлы оқиға. Мен Балқаш мыс зауытында жұмысшымын. Біз мыс балқытушылар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын өте қатты құрметтейміз.