2024/2025 жылғы UEFA Еуропа лигасының шешуші ойыны бүгін өтеді. Финалда Англияның екі алпауыты — «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» клубтары күш сынасады, деп жазады Report.
Матч Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан-Мамес» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша түнгі 01:00–де басталады. Ойынға германиялық төреші Феликс Цвайер қазылық етеді.
«Тоттенхэм» бұл турнирде бұған дейін екі рет (1972, 1984) жеңіске жеткен.
Ал «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының кубогын бір рет, 2016/2017 жылғы маусымда иеленген.
Турнир тарихындағы ең көп чемпион атанған команда — Испанияның «Севилья» клубы. Ол бұл жарыста жеті мәрте топ жарған.
Турнир тарихындағы үздік сұрмерген — Швеция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Хенрик Ларссон. Оның еншісінде 40 гол бар.
Өткен маусымда бұл турнирде Италияның «Аталанта» клубы жеңіске жеткен болатын.