$510.59 €578.91 ₽6.37
×

"Адамдар жалқауланып бара жатыр": Роза Әлқожа қонақты үйіне емес, дәмханаға шақыратындарды сынады

AstanaTV
21.05.2025ж. 13:35
48
"Адамдар жалқауланып бара жатыр": Роза Әлқожа қонақты үйіне емес, дәмханаға шақыратындарды сынады
Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Роза Әлқожа үйіне қонақ шақырмай, мейрамханада күтетіндерді сынап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі үнемі шаңырағына қонақ шақыратынын айтып өтті.

"Жақсылардың басын қосып ішкен бір шәугім шай бәрінен тәтті. Бүгінгі заманда адамдар жалқауланып бара жатқаны жасырын емес. Ал көңілді көтеретін, жүректі жұмсартатын – жылы жүздесу. Маған үйде бір ауық мал сойылып, ет асылып, бауырсақ пісірілмесе, қонақ келмесе береке болмай тұрғандай көрінеді. Дәмханадан іше салғаннан төр көрсеткен, төредей төрге шығарғанның жөні бөлек. Осы нағыз қазақы қалыбыммен қала беретін шығармын?!" – деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызы үйде дастархан жайылмаса, береке болмай тұрғандай сезінетінін айтты. Ол рестораннан тамақ ішкеннен гөрі, үйде төр көрсетіп, нағыз қазақы мейман күту – ерекше ыстық екенін жеткізді.

"Кеше аяқ астынан қонақ шақырдық. Үш жылдан бері сапарға бірге шығып, қуанышымды бөліскен Әділ Өтемістің ата-анасын, нағашы әпкелерімді, құдаларымды үйге шақырдым. Ана дүниенің қандай екенін көрерміз, ал мына дүниеде дәм-тұз қарыз болып қалмайық...", – деді ол.