Танымал әнші Бүркіттің зәулім үйі мен көліктері ел назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қызды болып, жақындарының басын қосты.
“Бүркіт ағамыздың шаңырағында қонақтамыз. Ағамның көліктерін қызығып, көріп қалдық. Екі Range Rover мен Rolls-Royce бар екен. Бассейндегі суы да жып-жылы болып тұр. Ағамыз қызды болып жатыр. Құтты болсын”, – деп жазды шоумен Руслан Ысқақов.
Айта кетейік, өнер иесі көліктерге қатты қызығатынын айтқан еді. Журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, тұрмыс-тіршілігін таныстырған еді.
“Астымда жақсы көлік болмаса, өзімді жайсыз сезінемін. Тұлпарсыз батыр сияқтымын. Балаларды тасуға және саяхаттауға арналған микроавтобус, Range Rover – Аишанікі, Rav4 – қарындасымдікі және Bentley өзімдікі. 520 шаршы метрлі екіқабатты зәулім үйді үш жылда соқтым. 2011-де құрылыс жұмыстарын бастап, 2014-те отбасымен осында көштік. Бір аулада екі үй бар. Бірін ата-анама арнап салдым”, – деген еді әнші.