Кейбір жолаушылар ұшақ әуежайға қонар-қонбастан орнынан тұрып, шығуға дайындала бастайды. Мамандардың айтуынша, бұл әуе қатынасы талаптарына қайшы. Осы тұрғыда аталған мәселеге қатысты істің мән-жайын Көлік министрлігінен сұраған едік, деп хабарлайды KAZINFORM.
— Әуе кемесі бортында жолаушылардың жүріс-тұрысы қағидаларына қосымша айыппұл санкцияларын енгізу жоспарда жоқ. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ережелерге сәйкес әуе кемесі ұшайын деп жатқан кезде немесе жерге қонып, толық тоқтағанша бортта тұруға және жүруге тыйым салынады, — делінген біздің агенттік берілген жауапта.
Сондай-ақ Көлік министрлігі жолаушы әуе кемесі командирінің немесе экипаж мүшелерінің өкімдерін орындамаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.
Айта кетсек, биыл наурызда елімізде шөп басқан жерге қона алатын, ыстық-суыққа төзімді ұшақ пайдалануға берілді.