$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Алматыда түнгі уақытта бір топ жас төбелескен

AstanaTV
21.05.2025ж. 17:34
57
Алматыда түнгі уақытта бір топ жас төбелескен
Фото: freepik.com

Алматыдағы Жібек жолы даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында бір топ жас төбелесті. Төбелестің бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желіде ойын-сауық орындарының бірінің маңында болған түнгі төбелестің бейнесі тарап кетті. Оқиға кезінде «102» пультіне қоңыраулар келіп түспегенін хабарлаймыз. Алайда жарияланған бейнематериалдар бойынша полиция дереу тергеу жұмыстарын бастады. Төбелеске қатысушылар анықталды. Қазіргі уақытта олардың әрқайсысына құқықтық баға берілетін болады. Алмалы аудандық полиция Басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады»,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.