$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Солтүстік Қазақстанда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

AstanaTV
21.05.2025ж. 18:41
45
Солтүстік Қазақстанда 3 жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: istockphoto.com

Петропавлда 3 жасар бала жоғары қабаттан құлап, ауыр жарақат алды.

Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин мәлім етті.

– Балалардың терезеден құлап кету оқиғалары – балалар жарақаттануы мен өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Әсіресе көктем-жаз мезгілдерінде, балалар жазғы демалысқа шыққан уақытта, мұндай жағдайлардың саны күрт артады. 28 сәуір күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Возвышенка ауылында ата-анасының қарауынсыз қалған 3 жасар бала бірінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Бала ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы, ми соғылуы сияқты ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - дейді Дмитрий Растихин.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында үй аралап, ата-аналармен кездесулер, балабақша мен мектептерде түсіндіру шараларын қолға алған.

- Терезеден құлау жағдайлары көбіне баланың қараусыз қалуы мен москит торына сүйеніп отыру салдарынан болады. Тор бала салмағына шыдамайды. Баланы ешқашан жалғыз қалдырмаңыз, терезеге арнайы фиксаторлар мен блокираторлар орнатыңыз, терезе маңына жиһаз қоймаңыз – бұл балалардың терезеге шығуын жеңілдетеді. Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз, - дейді Дмитрий Растихин.