Енді медициналық ұйымдар МӘМС қорынан алған ақшаның қайда жұмсалғаны туралы есеп береді. Мәжіліс депутаттары заң жобасына түзету енгізіп, екінші оқылымда қабылдады. Бұдан былай жарнаны үзбей төлеп келген азаматтар ақша аударуын тоқтатқан жағдайда, олар үшін көмек алу құқығы алты айға дейін сақталады. Бірыңғай пакет бекітіледі. Дәлірек айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігіне тегін медициналық көмек көрсетілетін аурулардың тізбесін айқындау өкілеттігі беріледі. Осы арқылы ақысыз ем алуға жағдай жасалмақ. Норманы қабылдау үшін жұмыс тобының 19 отырысы және Комитеттің үш кеңейтілген жиыны өтті. 200-ге жуық түзету қаралды. Енді оны әрі қарай Сенат қарайды.
МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Медицина саласында заңбұзушылық өте көп. Өздеріңіз білесіздер, жоғарғы аудиторлық палата миллиардтаған қаржының ұрланғанын, ол қаржылардың қайтпай жатқанын, сапасыз қызмет көрсеткенін бізге ақпарат берді. Бүгін біз Бақытжан базарбектің берген ұсыныстарын біз қолдадық. Дауыс берілді. Бақылау күшейетін болды.