$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Египеттегі қайғылы оқиға: мәйіт елге бүгін жеткізіледі

21.05.2025ж. 20:00
59
Египеттегі қайғылы оқиға: мәйіт елге бүгін жеткізіледі

Мысыр әуежайында көз жұмған Қазақстан азаматының денесі елге бүгін жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров айтты. Марқұм Ақмарал Мұқанова мен оның ұлының медициналық сақтандыруы бар. Сондықтан мәйітті жеткізу шығынын сақтандыру компаниясы толық мойнына алған. Естеріңізге салайық, 17 мамырда Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайында жарнама тақтасы құлап, бір қазақстандық қаза тапқан еді. Тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алған. Олар аман-есен оралды.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мәйітті барлық қажетті процедура аяқталған соң, бүгін жеткізу жоспарланып отыр. Менің білуімше, шығынды Египет тарапы көтереді. Моралдық өтемақы бойынша да мәселе шешілген. Бұған қоса қазақстандық сақтандыру компаниясы қосылды.