$507.07 €572.53 ₽6.37
×

Бір жыл бұрын ғана жөнделген жолдардың сапасы нашар

21.05.2025ж. 20:00
104
Бір жыл бұрын ғана жөнделген жолдардың сапасы нашар

Ақтөбе облысында жөндеу жүргізілген тас жолдардың сапасы сын көтермейді.Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі департаментінің мамандары тексеру барысында 18 проблемалық нысанды анықтаған. Қарғалы ауданында былтыр тапсырылған жол бір жылға жетпей тозығы жетсе, кепілдік мерзімі де бұзылған көрінеді.

Бұл -Бородиновка-Степной тас жолы. Жөндеу жұмыстары үш жыл жүрген. Жоба құны- 450 миллион теңге. Бірақ жолдың 15 шақырымдай жері бір жылға жетпей тозығы жетіп жатыр.

АЗАМАТ БАҚТИЯРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жолдың сапасы еш сын көтермейді. Жуырда ғана жасады. Уже Шұрық-тесік болып жатыр.

Мұнан өзге жолдардан да кемшіліктер анықталған.

НҰРБОЛАТ МАХМҰТОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ПЕРВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл жол сапасының нашарлығы өкілетті орган Ұлттық жол активтері орган филиалының қорытыңдылары бар. Бұл жолдың нашарлығы туралы. Өздері тиісті сараптамаларын өткізген. Дәлел бар. 0,15 учаскесінде жалпы 2 км толығымен нашар, қалған учаскелерде жалпы сын көтермейді.

Мердігер мекеменің өкілі кемшіліктерді мойындап отыр. Қазіргі таңда бұл тас жолды қайта жөНдеуге кіріскен. Он күннің ішінде олқылықтарды толық жоймақ.

РУСЛАН АХМЕДОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ:

Жоба бойынша белгіленген талаптарды орындадық. Бұл жолмен жүк көліктері көп жүреді. Бұл жолға орташа жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Жабынның қалыңдығы 5 см. Жүк көліктеріне бұл жол арналмаған. Сондықтан осындай халге түскен.

Қарғалы ауданының Бадамша ауылында да 2023 жылы алты көшеге орташа жөңдеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ мердігер мекемемен келісімшартта кепілдік мерзімі тек 1 жыл көрсетіліпті.

АЗАМАТ ӨТЕГЕНОВ, ҚАРҒАЛЫ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жолға кепілдік екі жылға берілген. Бірақ қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық агентігімен қоса отырып мердігер мекемелерге толығымен жібердік. 12 ай, екі жыл мерзімдерін бес жылға созуға сол бойынша сол орындалды.

Қарғалы ауданында биыл бес жоба бойынша жөңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Оған 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.