Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр. Махамбет ауданына қарасты №17 бекет тұсында су бетіне шығып жатқан балық өлексесін көрген ауыл тұрғындары дабыл қағуда.
Бұл - су айдыны емес, былтырғы көктемгі су тасқыны кезінде бөлшектеніп қалып қойған жайылма. Суы тартылып, шіріп жатыр. Күн ысып, балықтарға оттегі жетпеген. Құтқару жұмысына кіріскен мамандардың айтуынша, 30 келі балық өлексесі жойылып, тірі шабақтар Жайық өзеніне жіберілген.
БЕКЗАТ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Қазіргі уақытта 15 адам, 3 автокөлік және 1 арнаы техника сол жерге жұмылдырылған боалтын. Бұл жұмыстар қазіргі уақытта әлі жалғасуда жиналған өлі балықтар жойылатын болады. Ал тірілей құтқарылғандары жайық өзеніне жіберілетін болады. Қазіргі уақытта қаңтар айынан бері 9 млн данаға жуық балық шабақтары құтқарылған.