$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Ақтөбе облысында биыл 350 интернет алаяқтық фактісі тіркелді

21.05.2025ж. 20:00
73
Ақтөбе облысында биыл 350 интернет алаяқтық фактісі тіркелді

Ақтөбе облысында биыл төрт айда 350 интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Соның 91 фактісі бойынша іс дәлелденіп, 32 тұлға ұсталды. Негізінен интернет желісі арқылы жасалатын қылмыстар қазір сілтемеге өту арқылы ватсап желісін бұзу , жарнама бойынша курьер жіберемін деп алдау, банк, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция қызметкері болып телефон шалу арқылы код сұрап, несие алдыртады. Алаяқтық фактілерінің отыз пайызын ел азаматтары жасаса, қалған қылмыс шетелдіктермен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні интернет алаяқтыққа қатысты 15 қылмыс ашылған. Өз жеке шотын алаяқтарға пайдалануға беріп, пайыз алатын дропперлерге де қатысты фактілер анықталған.

ЖӘНІБЕК ШАҒЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Интернет желісін мониторинг жасау кезінде Қызылорда облысы тұрғыны 1992 жылғы бала ұсталды. Ол “WhatsApp “ желісінде топ құрып, сол “WhatsApp” та порнографиялық видеоматериалдар жіберген. Сол бойынша іс қозғалды. 311 бап Қылмыстық кодекс бойынша, қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.