$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Елордада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті

21.05.2025ж. 20:00
68
Елордада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай  мерекелік шара өтті

Бүгін- мәдениет және өнер қызметкерлері күні.  Соған орай Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында    мәдениет саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген  мамандар бас қосты.

Елордада  мәдениет саласы бойынша 14 мекеме қызмет атқарады.  Театр, цирк, музыка, би, кітапхана, мұражай, концерттік ұйымдар мен демалыс орындары жұмыс істейді. Аталған ұжымдар қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп келеді.

МАРИНА ТӘҢІРБЕРГЕН, "ҚАНАТТЫЛАР" ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

Мәдениет бізге не үшін керек? Халықты өнерге тәрбиелеу үшін иа. Қазақста жақсы сөз бар ғой «театр көбейсе, түрме азаяды» деген. Сондықтан да біз именно тетар саласының қызметкерлері халықты тәрбиелеуге, өмірлік сабақтарды үйретуге тырысамыз. Біздің барлық халыққа қызметіміз осы деп ойлаймын.


Шарада  өнер саласында кәсіби шеберлігімен ерекшеленген мамандар  «Суретші-реставратор», «Үздік әдіскер», «Сахна машинисті», «Үздік сурдоаудармашы» сында арнайы номинациялармен марапатталды.  

АЙДЫН МАМЕНОВ, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ «БІРЛЕСКЕН МҰРАЖАЙЛАР ДИРЕКЦИЯСЫ» МКҚК ҰЙЫМЫНЫҢ РЕСТОВРАТОРЫ:

Дайындалып келдік қой осыған. Осы қаладағы ескі ғимараттарды өңдегенмін.Ол да өнер ғой. Осыған дейін болмаған мен үшін жоғары құрмет.


Айта кетейік, шарада «Наз» мемлекеттік би театры, «Жошы» ансамблі, Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияның камералық хоры, театр әртістері және шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.