Мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтайтын «Рухани қазына - 2025» республикалық фестивалі мәресіне жетті. Осымен 8 мәрте ұйымдастырылған байқауға биыл 168 өтінім келіп түскен. Үздік деп танылғандар 19 номинация бойынша марапатталды. Сайысқа қатысушылар музей, кітапхана және мәдени-демалыс орталығы саласы бойынша бақ сынады. Жеңімпаздардың қатарында Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының қызметкері Қонысбек Мәлік те бар. Ол облыстық мәдени-демалыс ұйымдарының үздік қызметкері номинациясына ие болды.
ҚОНЫСБЕК МӘЛІК, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Бұл байқауда біз өзіміздің 3 жылдық жұмысымызды, аймақтардағы барша мәдениет ұйымдарының қызметтерін, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы арнайы өзіміздің жобаларымызды қорғадық. Алдағы жоспарларымызды таныстырдық. Сол аталым бойынша кезеңдерде біз үздіктердің қатарында көріндік. Бұл менің ғана емес, бүкіл Сыр мәдениетінің, Сыр елінің жеңісі деп білеміз.