Соңғы жылдары жұмысшы мамандықтарға сұраныс ерекше. Мемлекет тарапынан да көңіл бөлінуде. Нәтижесінде жастардың да қызығушылығы артып, осы бағытта білім алушылар саны артқан. Бұл туралы «Жұмысшы мамандығы – өндірістің әлеуметтік негізі» атты облыстық форумда айтылды. Шара «AMANAT» партиясы жанында «Жастар рухы» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының бастамасы негізінде өткізілді.
Шиелі индустриялық-аграрлық колледжінде 18 мамандық, 28 біліктілік бойынша 400-ге жуық студент білім алады. Оқытушылардың айтуынша, жұмысшы мамандықтарға ынталы жастардың саны жылдан жылға артуда. Ал түлектердің дені өндіріс орындарына жолдама негізінде жұмысқа орналасқан. Студенттердің тәжірибесін шыңдауға да мүмкіндік бар.
ӨМІРЖАН ҚАЛДЫБАЕВ, ШИЕЛІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:
Мен автоэлектрик болып оқу оқыдым. Болашақ жұмысым осы. Және автоэлектиктің сұранысы көп. Сұрайтындарға айтарым, таланттары бар болса білім алуға болады.
Облыстық форумға барлық аудандардан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар аудандағы «Казатомпром» компаниясының өндірістік процесімен және техникалық базасымен танысты. Онда тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттырып жүрген студенттермен және жұмысшы мамандармен тілдесті.
ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл форум аудан және ауыл жастарына үлкен серпіліс береді деген басты ұстанымымыз бар тұғын. Бір жағынан жұмысшы мамандықтарға жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады. бұл «Жұмысшы мамандықтар жылынан» кейін де осындай үлкен мекемелермен, кәсіпорындармен жастардың байланысуы арасында үлкен серпіліс береді деп сенеміз.
Жиналғандар колледж ауласына жаңадан орнатылған бұрғылау қондырғысының таныстырылымына және студенттерге оқыту барысына куә болды. Құны 100 млн теңгеден асатын замауи жабдық енді сабақ барысында пайдаланалмақ. Бұл -оқу орнына серіктес компанияның сыйы.