Елімізде алғаш рет өткізілген "Ана тілі" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды. Зияткерлік жобаға барлық өңірден 5 мыңға жуық оқушы қатысқан. Соңғы кезеңде 64 командадан құралған 192 бала үш бағыт бойынша білім жарыстырды. Бас жүлдені Түркістан облысынан келген "Достық" тобы жеңді. Сондай-ақ 11 сыныптың 8 үздік оқушысына елдегі жетекші жоғары оқу орындары білім грантын табыстады.
ҚҰЛМАСЫМ БӘТЕЖАНҚЫЗЫ, ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ:
Жалпы дайындалуымызға тұрақты 2 ай болды. Олимпиада біз үшін өте жоғары деңгейде өтті. Біздің берілген тіпті қарарларымыздың өзі біз үшін өте қызықты талқылауға, өте тартысты ойындар болды.
РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ҚАЗАҚ ТІЛІ" ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бір мақсатымыз - тілге, әдебиетке, сөзге қызығушылығы бар дарынды оқушыларға, жас мамандарға болашақ мүмкіндік ашу, жол ашу. Одан кейін олардың болашақ тілші, не болмаса осы гуманитарлық пәндер төңірегіндегі тіл білімі негізіндегі мамандықтарға көбірек көңіл бөлгіміз келді.