Астана жылдан жылға көркейіп жатыр. Тұрғындар мен қонақтар бас қаланың аз уақытта адам танымастай өзгергенін айтады. Әсіресе көпшілікке арналған демалыс орындары көбейген. Сауық құрып, сайран салуға, дем басып, тыныштық табуға қолайлы жер көп. Тілшілеріміз елорданы аралап көрді.
Дәрібек: Ал Айбек, келдік Астанаға, қайда барамыз?
Айбек: Бұл қала өзі оң жақ, сол жақ жағалауымен танымал ғой. Бөлінейік екіге.
Дәрібек: Мына тиын арқылы анықтайық онда. Сан жағы шықса сен оңға барасың, жазу жазы шықса мен оңға барам.
Айбек: Сен оңға, мен солға. Кеттік ендеше.
АЙБЕК САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:
Қаланың қақ ортасындағы Есіл өзенінің сол жағы биік ғимарат пен мәдени ошаққа толы. Мәселен мына Нұржол бульвары аппақ Ақордадан басталып, Ханшатырға дейін созылып жатыр. Жол бойында Бәйтерек, Астана Опера, Министрліктер үйі, сондай-ақ 75 қабатты Абу Даби Плаза бар.
БЛИЦ:
- Қырғызстаннан келіп жатырмын қыдырып. Баламды қыдыртып жүрмін. Нормальный барлығы, нормальный, рақмет!!!- - - Жолда келе жатқанда қарасам бәрі ең жақсы. Маған жақты.
Сол жағалауға жалғасқан жаңа Сарайшық ауданы аз уақытта ерекше бой көтерді. Бұл жаққа көптен бері ат ізін салмай кеткендер танымай қалдық дейді.
ТАЛҒАТ КҮЗЕМБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Тәртіппен салынған үйлерімен, көз тартатын көркімен... Жылдан жылға Астана адам танымастай боп гүлденіп, көркейіп жатыр. Әр келген кезде бір жаңалығын көреміз. Сүйсінеміз, тамсанамыз.
Айбек: Қаланың сол жағалауын түгел аралау үшін 1 күн жетпейді. Көздің жауын алатын зәулім сарайлар мен осындай кішігірім әдемі субұрқаққа дейін толы. Дәрібек, сен оң жағалауда қандай жерлерге бардың?
Дәрібек: Айбек, сен айтып тұрған субұрқақ түк емес, мен ерекше бөгет таптым. Қызықтап келіп жатқандар да жетерлік. Айналасы кең, жүріп-тұруға ыңғайлы. Көп ұзамай саябаққа айналатынға ұқсайды.
Сарқырап аққан су, таза ауа, ақ шағала. Шаршағанды басады, бірақ бұл жерді көбі біле бермейді.
ӘСЕЛ ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көріп қызығып тамсанып, табиғаттарына қызығып жатырмын. Бірінші келуім бүгін. Керемет жағдайда, керемет әсер алып жатырмын. Өте қуаныштымын.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Оң жағалаудағы ең танымал орын – Орталық саябақ. Үлкен-кіші түгел осында. Серуендейді, ән тыңдайды, қайыққа мінеді, атракциондардың қызығын көреді.
БЛИЦ:
- Негізі оң жақ ұнайды. Таза табиғи, адамдарға қолайлы жайлы.
- Правый берег маған ұнайды. Қыдыратын жер көп.
Айбек: Дәрібек, қаланың оң жағалауы қалай екен? Ұнады ма?
Дәрібек: Керемет, қатты ұнады. Қыдырам, тынығам, қызық көрем деген адам оң жағалауға бару керек.
Айбек: Ал қаланың ең көрікті әрі жаңа жерлерін, ерекше ғимараттарды тамашалағыңыз келсе сол жағалауға барыңыз.