Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров ауылына барып, достарымен қалжыңдасып, желідегі жұртты күлдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол көлікте отырып ауылдағы ащы судан ұрттап алған достарын видеоға түсірген.
«Міне, біз ауылда жүрміз. Біреуінен құтылсаң, екіншісі шығады. Осылай ұсталып қаламыз. Мынау Биқош деген нағашым», - деп әзілкеш жанында отырған жігітті таныстырады.
Осы кезде басқа бір жігіт келіп, бірдеңе айтқысы келгендей кейіп танытады.
«Ауырып тұрсың ба? Жедел жәрдем шақырайын ба? Ауылда бәрі ауру», - деген Қанат Әлжаппаров жұртты күлкіге қарық қылды.
Бұған дейін Қанат Әлжаппаров жеңіл әзілге құрылған кинолардың көбейіп кеткенін әзілмен жеткізген еді.
«Нағыз кино деп «Титаник», «Өкіл әке», «Менің атым қожа», Қыз жібек», «Тақиялы періште» фильмдерін айтуға болады. Қазіргі кинолар да жаман емес, бірақ ыржың-тыржың көп. Мен сияқтылар келіп, киноны «бардак» қылды», - дейді Қанат Әлжаппаров.
Ол өзін киноға түсуге шақыратындарға таңғалатынын жасырмады.
«Бармаймын десем де шақырады. Мен негізі киноның адамы емеспін ғой. Кино түсірушілер қомақты ақша ұсынады. Сосын амал жоқ барасың. Бұл жерде дүние ғой. Сонда біз пәленбай миллионға қазақ киносын құртып жатырмыз, көрдің бе?! Біз киноға үлес қосайын деп жүрген жоқпыз, дүние үшін келдік. Ертең өнер академиясынан небір таланттар шығады, солар үлесін қосар, біз дүниенің қамымен жүрген адамдармыз», - деп мойындады әзілкеш.