$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Таразда шенеунік жарты млрд теңге ұрлаймын деп 4 жылға сотталды

AstanaTV
22.05.2025ж. 11:44
76
Таразда шенеунік жарты млрд теңге ұрлаймын деп 4 жылға сотталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елімізде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы Тараз қаласының құрылыс саласына қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық іс: екі тұлға сотталды

Антикордың мәліметінше, Тараз қалалық соты қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрбол Қалдыбаевты және мердігер ұйымның өкілі Олжас Ерболатұлын соттады.

Қалдыбаев – әлеуметтік осал топтарға арналған көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына бөлінген қаражат бойынша жалған актілерге қол қойып, заңсыз ақша аударған.

Ерболатұлы – мемлекеттік қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Мемлекетке келтірілген зиян – 519 млн теңге

Тергеу нәтижесінде анықталғандай, олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 519 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Сот үкімі және қосымша жазалар

«Нұрбол Қалдыбаев – 4 жыл бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.
Олжас Ерболатұлы – 6 жылға сотталып, қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым салынды», - делінген Антикор хабарламасында.

Заңды күшіне енбеген үкім

Аталған сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы негізінде, адам соттың заңды үкімі шыққанға дейін кінәсіз деп есептеледі.