$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Джей Ло концерті Орталық стадионда өтпеуі мүмкін — «Қайрат» мәлімдеме жасады

AstanaTV
22.05.2025ж. 12:31
53
Джей Ло концерті Орталық стадионда өтпеуі мүмкін — «Қайрат» мәлімдеме жасады

Орталық стадион Джей Ло концерті үшін бос болмауы мүмкін. Бұл туралы алматылық «Қайрат» футбол клубы мәлімдеді, - деді KAZINFORM

Кеше продюсер Мәлік Хасенов Дженнифер Лопес 10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында жеке концертін өткізетінін айтты.

Бұл ақпаратқа байланысты «Қайрат» футбол клубы мәлімдеме жасады.

Клуб мәліметінше, республикалық жарыс күнтізбесіне енген «Қайрат» пен «Жеңіс» ресми матчы 9 немесе 10 тамызда Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады және бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды.

— 2025 жылғы 16 мамырда «Қайрат» ФК Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясынан Орталық стадионды мәдени шараға алдын ала брондау туралы ресми хабарлама алды. Жауап ретінде ресми хатта клуб ҚР Чемпионаты Премьер-лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының еурокубок аясындағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты көрсетілген мерзімде стадионды пайдалануға болмайтынын хабарлады, — делінген клуб мәлімдемесінде.

Сонымен «Қайрат» футбол клубы мәдени бастамаларды құрметтейтінін әрі диалогқа ашық екенін хабарлады.

— Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз, — дейді «Қайрат» ФК.