$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Мұғалім есірткі тасымалдаған

AstanaTV
22.05.2025ж. 13:17
55
Мұғалім есірткі тасымалдаған

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 — Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай — Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды.

Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі «мефедрон» салынған пакет табылды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.