Сенатор Амангелді Нұғманов негізсіз қылмыстық істердің қозғалуына алаңдаушылық білдірді. Өзінің депутаттық сауалында ол соңғы жылдары жүйелі сипат алған мәселені көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, мұндай жағдайлар бизнесті күйретіп, азаматтардың құқықтарын бұзып, шоттардың бұғатталуына, тінту мен тұтқындауға әкелуде.
Ал жапа шеккен азаматтарға ешқандай кешірім де, өтемақы да берілмейді. 2014 жылы жүргізілген реформа аясында Қылмыстық-процестік кодекстен сотқа дейінгі тексеру институты алынып тасталды. Оның орнына Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу арқылы автоматты түрде қылмыстық процесс басталатын норма енгізілді. Бұл барлық мәжбүрлеу шараларының дереу іске қосылуына жол ашты, – деді сенатор.
Амангелді Нұғмановтың мәліметінше, 2021 жылы дәлелдің жеткіліксіздігіне байланысты 80 мыңға жуық іс тоқтатылған, ал 2022 жылы - 70 мыңға жуық. Әрбір осындай істің артында адамдардың өмірі, бизнесі мен абыройы жатыр. Алайда құқық қорғау органдарының негізсіз әрекеттері үшін ешкім жауап бермейді.
Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процестік кодекске, сондай-ақ Азаматтық процестік және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерге кешенді ревизия жүргізуді, оның ішінде: сотқа дейінгі тексеру институтын қалпына келтіру, сотқа дейінгі тергеуді бастаудың дейін нақты құқықтық сүзгі енгізу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін алдын ала ақпараттық бағалау сатысында күшейту, қылмыс құрамдары бойынша бостандықтан айыру мерзімін нақты белгілеу, негізсіз қылмыстық істерді бастағаны үшін азаматтар мен бизнестің беделіне, қаржысына және мораліне зиян келтірілген құқық қорғау органдары лауазымды тұлғаларының жеке жауапкершілігін қарастыратын нақты механизм әзірлеу керек. Құрамында қылмыс болмаған істер бойынша мемлекет тарапынан жария кешірім сұрау, залалды өтеуге міндеттемесін заңнамалық өзгерістер енгізу қажет, – деді Амангелді Нұғманов.