Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы заңсыз алтын өндірумен айналысқан адамдар тобын анықтады. Заңсыз әрекеттер облыс аудандарының бірінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дрон арқылы заңсыз жер жұмыстары әшкереленді
Құқық бұзушылық орнын нақты белгілеу үшін жедел уәкілдер ұшқышсыз басқарылатын дрон қолданған. Нәтижесінде заңсыз жер қазу жұмыстарының нақты орны белгілі болып, жүргізілген жедел іс-шара барысында 6 адам ұсталды.
Айғақ заттар тәркіленді
Тергеу кезінде мыналар тәркіленді:
1 экскаватор;
3 металл іздегіш құрылғы;
2 автокөлік.
Топырақ үлгілері
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жерасты ресурстарына келтірілген материалдық залалды анықтау үшін сараптама тағайындалды.
Табиғатқа келтірілген зиян зор
Мамандардың айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттер мемлекет экономикасына ғана емес, сонымен қатар өңірдің экожүйесіне – флора мен фаунаға, табиғи ландшафтқа айтарлықтай зиян келтіреді
Полиция тұрғындарға үндеу жасады
ШҚО Полиция департаменті:
«Заң талаптарын сақтаңыздар және кез келген күмәнді әрекет туралы 102 нөміріне хабарлаңыздар. Табиғи байлықтарымызды сақтау – бірлескен күш-жігерді қажет ететін маңызды міндет», – деп атап өтті.