$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Екібастұзда оқушы қыз есірткі тасымалдаумен айналысқан

22.05.2025ж. 20:00
Екібастұзда оқушы қыз есірткі тасымалдаумен айналысқан

Екібастұзда 16 жастағы оқушы қыз есірткі тасымалдаумен айналысқан. Оны тәртіп сақшылары кезекті тапсырысын жасыру кезінде ұстады. Оқушыны тінту барысынанда одан 15 қаптамаға оралған жалпы салмағы 4 грамм болатын синтетикалық есірткі тәркіленді.

ИРИНА ТЕМІРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Ол мессенджерлердің бірінен оңай ақша табуға уәде берілген ұсыныс тапқаны белгілі болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.