$507.07 €572.53 ₽6.37
×

БҚО-дағы Сайқұдық ауылында өзіне-өзі қол жұмсаған екі жігіттің өліміне қатысты тексеру басталды

22.05.2025ж. 20:00
63
БҚО-дағы Сайқұдық ауылында өзіне-өзі қол жұмсаған екі жігіттің өліміне қатысты тексеру басталды

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Сайқұдық елдімекенінің екі тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазір олардың өліміне не себеп болғанын полиция тексеріп жатыр. Ал ауыл тұрғындарының айтуынша, былтыр да дәл осы ауылда жас қыз асылып өлгенн. Биыл бұл сұмдық тағы да қайталанды дейді. 20 және 24 жастағы екі жігіт өз өмірін қиыпты. Үрейі ұшқан ауылдықтар тағы бір жігітті құтқарып алғанын айтады. Жағдай ушыққаннан кейін мамандарды шақырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сол кезде тағы бір жастың өмірін сақтап қалған.

НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған деректер бойынша қазіргі таңда қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.