$507.07 €572.53 ₽6.37
×

"Жұмысын істетіп, ақшамды төлемей қойды", - студент

22.05.2025ж. 20:00
67
"Жұмысын істетіп, ақшамды төлемей қойды", - студент

Жаз болса студенттер үйіне қайтпайды, жабылып жұмыс іздейді. Тапқаны бір қиямет, алданып жатқандары да бар. Қалың шаруаны істетіп алып, ақшамызды төлемейді деп наразы. Кәсіпкерлер тіпті келісімшарт ұсынбайды дейді. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Демалыс бастала сала жұмыс іздегендердің бірі - Сания Еркінқызы. Әлемжелі арқылы кондитерлік дүкеннен бос орын тауып, іске кірісіп кетіпті. Арада келісімшарт болмаған. 3 күннен соң жұмыс беруші ақшамды төлемей қайтарып жіберді дейді. Бума-бума арыз-шағымы мен дәлелдерін дайындап қойыпты.

САНИЯ ЕРКІНҚЫЗЫ, СТУДЕНТ:

Мені и 1 ұлды стажировкаға қабылдаған болатын. Екеуіміз 10 майда стажировкаға шыққан болатынбыз. 3 күн бойы мен торт сатып шықтым. И общая сумма у меня составила 246 мың теңге. Төртінші күні жұмысқа кішкене кешікен соң Эмир мені жұмыстан шығарып жіберді. Әр продажа үшін маған 5% төлеп тұрады деген. Я ничего такого не говорил деп сообщениеден қысым көрсете бастады.

Кәсіпкерге хабарласқан едік, сұхбат беруден бастартты. Негізі жұмыс берушілер тағылымдамадан өту деп 3 ай мерзімді көрсетеді. Сынақ біткен соң еңбекақыны дұрыс төлемейді, ұнамадың, боссың дейді. Осындай жағдай көбейіп кетті дейді заңгерлер.

АРЖАН САДУАҚАС, ЗАҢГЕР:

Шарт болсын-болмасын, егер де адам жұмысқа келіп уақытылы мысалы, 9-дан келеді да 6 жарымда кетеді, одан кейін оның мысалы белгілі бір міндеттемелері бар, иә, функциялары бар жұмыс істеу. Соның нысандарының барлығы болған жағдайда ол қызметкер боп есептеледі. Адамдар бар, камералар бар көрген, келіп жүрген, кетіп жүрген, соның бәрін жинайды да еңбек инспекциясына арызданады.

Жыл басталғалы мемлекеттік еңбек инспекторлары 1891 тексеру жүргізіп, 2338 заң бұзушылық дерегін анықтады. ГРАФИКА: Соның нәтижесінде көлемі 151 млн теңге болатын 721 айыппұл салынған. Заңсыз әрекеттер қатарында еңбек шартын жасаспау бойынша - 38, шартты заңсыз бұзу бойынша - 41, жалақы төлеу мерзімін бұзу бойынша - 391 факт тіркелген.

Келісімшарт болмаған жерде еңбек инспекциясының да мүмкіндігі шектеулі.


ТАЛАНТ ЕРМАНОВ, ҚР ЕХӘҚМ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Еңбек кодексінде стажировка деген түсінік жоқ. Жұмыс берушімен келісер кезде міндетті түрде еңбек шартын жасасу керек. Ал егер еңбек шартын жасаспай, осылай келіскен жағдайда, ол кезде ол міндетті түрде сотпен шешілетін жағдайға апарады. Өйткені жаңа өзім айтқандай еңбек инспекторларының өкілеттілігі бұл жерде шектеулі. Төлемей қойса, ол кезде еңбек шарты болған жағдайда ақшасын өндіріп береміз ол кезде, міндетті түрде.

Арада құжат жүзінде келісім болмаса мәселені тек сот шешеді. Ал ресми шарт болған жағдайда қарызды оңай қайтарып аласыз. Өйткені елдегі 77 кәсіпорынның 2011 жұмыскерге 813 млн теңге қарызы бар екені анықталған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 1590 жұмыскердің 549 млн теңге жалақысы өтелген.