Жамбылдықтар әкімге сенбейді. Себебі, жылда құрғақ уәдеге тойған. Төрт жыл бұрын ғана қолданысқа берілген су сыздықтып ағып, сағаттап тоқтап қалады. Сапасы да сын көтермейді. Амалдары таусылған тұрғындар құдық қазуға қайта көшкен.
Көкбастау ауылында бүгінде 214 шаңырақ бар. Бұрын халық көп еді, тіршілік нәрінің жоқтығынан жұрт көрші ауылдарға көше бастапты. 2021 жылы ғана тартылған құбырдан су тамшылап қана тұр.
КҮМІСАЙ ДӘУЛЕТБАЕВА, КӨКБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Су деген сыздықтап калады. Тура моментінде кір жуатын кезде жоқ болып қалады. Болды сомен отырамыз кім кінәлі. Не насос істемейді, не бірдеңе істемейді. Не ол суымыз таза болмайды. Көпіріп, көбік болып келеді. Біз соны ішіп жатырмыз.
ҚАЙРАТ ҚАЛМҰРАТОВ, КӨКБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Екі жыл болды ауыз су тапшы, жоқ. Бір сағат болады, бір сағаттан кейін су құриды.
Ауыл тұрғындары әкімнің алдына талай барған. Бірақ түк өзгермеген, құрғақ уәдемен тойдырған.
НҮСІПЖАН ТӘТТІҚҰЛОВ, КӨКБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Білмейміз сухой уәде. Біз шынымызды айтайық, әкімге мүлде сенбейміз. Өйткені қанша әкім келді, барлығының беретіне бір уәде.
ҚУАНЫШ БҮРКІТӘЛІ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мәселе екі жақты болуы мүмкін. Біреуі жер асты су қорының азайып кетуі. Төменгі жақтағы. Болмаса оның көздерінің бітеліп қалуы. Біз қазыр сол мәселе бойынша көздерін ашу жұмысымен айналысамыз. Оның бәрін зерделетем сізге қосымша жауабын айтам.
Шенділердің шала ісінен шаршаған тұрғындар тағы уәдеге сенуден басқа амалдары жоқ.