$507.07 €572.53 ₽6.37
×

Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

22.05.2025ж. 20:00
56
Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды. Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулатория салуға арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлінеді. Онда тәулігіне 45 келушіге қызмет көрсетіледі. Ғимарат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынуда. Өңірде 30 нысан құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады.