$507.07 €572.53 ₽6.37
×

Жамбылда қатерлі ісік ауруын анықтаудың жаңа тәсілі енгізілді

AstanaTV
22.05.2025ж. 20:00
52
Жамбылда қатерлі ісік ауруын анықтаудың жаңа тәсілі енгізілді

Жамбылда қатерлі ісік ауруын анықтаудың жаңа тәсілі енгізілді. Экспресс-гистология – операция кезінде алынған тін үлгісін жедел түрде мұздатып, микроскоппен зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Небәрі 15–20 минут ішінде нәтижені анықтап, операция барысына дереу өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Ісік жасушаларын анықтап, ісіктің сипатын нақтылап, қауіпті лимфа түйіндеріндегі метастаздарды табуға көп көмегі бар. Ондай кезде экспресс-гистология операция жасап жатқан дәрігердің жедел шешім қабылдауына және оның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады. Мұндай технология хирургияның дәлдігін арттырып қана қоймай, емнің тиімді стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді.

ЖАНДОС СЕЙДАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Экспресс-биопсия және демонагистахимиялық анализді талдау. Гистахимиясыз ешқандай науқасқа ем басталынбайды. Оны бұрын науқастар ұзақ күтетін. Біз анализді басқа қалаға, басқа медициналық мекемелерге жіберетінбіз, ол жерден кешігіп келеді. Үш апта, төрт апта ал науқа ол кезде емін бастамай, осы демонагистахимиялық анализін күтіп отыратын.