$507.07 €572.53 ₽6.37
×

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы аймақтағы мәдениет және өнер саласы мамандарын құттықтады

22.05.2025ж. 20:00
75
«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы аймақтағы мәдениет және өнер саласы мамандарын құттықтады

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы аймақтағы мәдениет және өнер саласы мамандарын құттықтады. Партия тарихи мұраны сақтап, шығармашылық ортаны дамытып, ұлттық құндылықтарды насихатап келеді. Сайлауалды бағдарламада ,әсіресе, ауылдық жерде мәдени ғимараттарды салу енгізілген. Филиал жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі мәдениет саласында өзекті мәселелерді назарға алып, көптеген игі шаралардың ұйытқысы болып жүр. Мерейлі мереке қарсаңында кітапхана, театр, оркестр, музей қызметкерлеріне алғыс айтып, құшақтарын гүлге толтырды.

ГҮЛНӘР СӘДУАҚАСОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ «МИРАС» КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Мәдениет пен өнердің елімізде атқаратынн рөлі көп. Оның бірі жасөспірімдермен жұмыс істеу болса, еліміздің мәдениетін арттыру болса, салт-дәстүрін, ұлттық өнерін насихаттау болатын болса, мәдениет қоғамды тәрбиелейді деп бір сөзбен айтуға болады. Әріпптестеріміз үлкен шығармашылық табыс тілейміз. Өнеріміз дамысын.

ЖӘНІБЕК ЖӘМИЕВ, Д.НҰРПЕЙІСОВА АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ЖЕКЕ ДОМБЫРАШЫСЫ:

Бабаларымыздың қазақ елінің ұлт болып қалыптасуына білектің күшімен қосып, біліммен де, мәдениетпен де салып кеткен сара жолы орасан зор. Десек те, қазіргі қазақ қоғамының халықтың мәдениетінің сана биігіне көтерілуіне мәдениет қызмектерлерінің қосып жатқан үлесі орасан зор.