Алматы облысы Қаскелең қаласында «Dala Edge» саябағында мәдениет, гастрономия және креативті индустрияларды тоғыстырған «Creative Turk Summit» фестивалі өтті. Саммитте Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің кәсіпкер, дипломат, саясаткер мамандары бас қосты. Бес ел өнерпаздары ұлттық мәдениеттерін таныстырып, одан соң аспаздық шоу жасады. «Dala Edge» платформасы түркі елдерінің креативті экономикасына арналған. Мұнда білім, технология, бизнес, дизайн, гастрономия салалары бойынша сессия жүргізіледі.
АЙГЕРІМ ОРМАХАЕВА, «ALCHA» ГАСТРО-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бүгінгі фестивальде түркі әлемінің бірлігі туралы көрсеткіміз келді. Яғни, бір мейрамхана 5 түрлі елдің тағамдарын әзірледі. Біздің дәмхана қазақ-әзірбайжан асханасы болғанына қарамастан, бүгінгі шарада бас қосқан мемлекеттердің тамақтарын пісірді. Аспаздар бар күшін салды. Әрине, бұл түркі халықтарының ынтымақтастығын айқындай түседі.