$507.07 €572.53 ₽6.37
×

Алматы облысы Іле ауданында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

22.05.2025ж. 20:00
93
Алматы облысы Іле ауданында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

“Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында Алматы облысы Қараой ауылдық округіндегі орталық саябақта “Таза бейсенбі” экологиялық акциясы ұйымдастырылды. 70-тен астам адам саябақ аумағындағы қоқысты жинап, шөптер мен бұтақтарды ретке келтірді. Нәтижесінде 1,5 тоннаға жуық қоқыс арнайы техникамен сыртқа шығарылды. Жалпы, жыл басынан бері акцияға 8254 адам қатысып, 476 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Ұйымдастырушылар бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыруды, тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға шақырып отыр.

АЛМАСБЕК САТИБАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ІЛЕ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Таза Қазақстан" акциясының бізге мәні өте зор. Болашақ ұрпаққа енді, өскелең ұрпақ осы біздің атқарып жатқан жұмыстарымызды көргеннен кейін осыдан тәлім тәрбие алады ау деген ниеттен осындай акцияларды біз жиі өткізудеміз.