$507.07 €572.53 ₽6.37
×

Астанада "Әкем – тірегім, анам – жүрегім" қайырымдылық шарасы өтті

Астанада "Әкем – тірегім, анам – жүрегім" қайырымдылық шарасы өтті

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында елордадағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығында қайырымдылық шарасы өтті. Бастама балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және оларды қорғайтын ортада өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған. Акцияның алғашқы күнінде психологтар мен заңгерлер бала құқығына қатысты кеңес беріп, шеберлік сағаттар ұйымдастырды. Балалар қиялға ерік беріп, мүсіндер мен жейделерді бояды. Шара балалар мен ата-аналарды бір серпілтті.

АЙДАНА СЕЙІЛХАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты іс-шара өте керемет деңгейде өтіп жатыр. Балалар мәз, рахмет айтамыз. Осындай шаралар көбейе берсін.


БАҚТИЯР АЙТБАЕВ, «ЖАНҰЯ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Бүгін онкүндіктік алғашқы күні. Алдағы уақытта ұйымдастырылатын шаралар әртүрлі бағытта, әр жерде өтетін болады. Жалпы біздің орталық қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетеді. Оларға мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырады. Сондай-ақ орталыққа қарасты 200-ден аса отбасыны әр мерекеде назардан тыс қалдырмайды.