$507.07 €572.53 ₽6.37
×

Алматыда суретке түспек болған оқушы өзенге құлап кетті

AstanaTV
23.05.2025ж. 10:54
110
Алматыда суретке түспек болған оқушы өзенге құлап кетті

Алматыдағы Аюсай шатқалында таудағы фотосессия соңы қайғылы оқиғаға ұласа жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

8 оқушы мен сынып жетекшісінен тұратын топ өзен жағасында суретке түсіп жатқанда, бір оқушы қыздың аяғы тайып, Проходная өзеніне құлап кетті.

Оқиға 22 мамыр сағат 15:35 шамасында болған.

"Алматы қалалық Құтқару қызметінің құтқарушылары оны жедел іздестіре бастады. Сағат 15:56-да бөгетке шамамен 500 метр қашықтықта қыз судан шығарылды. Құтқарушылар оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шегушіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – делінген құтқару қызметінің хабарламасында.