$510.84 €579.7 ₽6.39
×

200 мың доллар пара: Жамбыл облысында бас маман делдал болғаны үшін сотталды

AstanaTV
23.05.2025ж. 14:08
83
200 мың доллар пара: Жамбыл облысында бас маман делдал болғаны үшін сотталды

Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы делдал болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы С. Үкімбаевқа, Тараз қаласының тұрғындары Э. Мурадовқа және Т. Телеуовқа қатысты үкім шығарды. Мұрадов пен Телеуов қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарына бұрын тәркіленген және соттың шешімі бойынша жойылуға жататын темекі өнімін бергені үшін 200 мың АҚШ доллары сомасында пара бергені үшін, ал Үкімбаев – парақорлыққа делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Мұрадовқа – 10 жыл, Телеуовқа – 9 жыл, Үкімбаевқа 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Үкімбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.