Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің 8-қабатында алапат өрт болып, 14 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, өрт Қарағанды қаласында Қазыбек би атындағы ауданның С.Мұқанов көшесінде болған. От 8-қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған.
Келген өрт сөндіру бөлімшелері 14 адамды, оның ішінде 2 баланы түтін толған кіреберістен баспалдақ маршымен жедел эвакуациялады.
«Өрт таралуына жол берілмей сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген министрлік хабарламасында.