Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қытай Қазақстанда күн электр станцияларын салуды қолға алады

AstanaTV
05.07.2017ж. 20:00
2000
Қытай Қазақстанда күн электр станцияларын салуды қолға алады

Қытай Қазақстанда күн электр станцияларын салуды қолға алады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Астанада қазақ-қытай іскерлік кеңесі аясында энергетикалық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Тараптар осы салада жаңа жобаларды қолға алуға ниетті.

Министрдің айтуынша, бұл негізінен баламалы энергия көздеріне қатысты бастамалар. Қазақстан жылына 100 млрд киловатт электр энергиясын тұтынады. Ал елдегі күн энергиясының потенциалы 920 млрд киловатты құрайды. Яғни қазіргі сұранысты тоғыз есе орайды. Күн электр стансалары елдің оңтүстік аймақтарында салынады деп жоспарланған.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Ерте әлі айтуға, бірақ келіссөздер жүріп жатыр. Тиісті компаняилар арасында 2-3 айдан кейін қандай инвестициялар болатыны белгілі болады. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ