$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Әлемде жылына 20 млн адам қатерлі ісікке шалдығады

AstanaTV
23.05.2025ж. 18:52
80
Әлемде жылына 20 млн адам қатерлі ісікке шалдығады

Әлем бойынша жылына 20 млн адам қатерлі ісікке шалдығады, деп хабарлайды 24 kz. Соның ішінде тері, сүт безі, өкпе обыры жиі кездеседі.

Қатерлі дерттің алдын алудың жолы қандай? Аты жаман аурудың алдын алуда қандай озық тәжірибелер бар? Әлемде қатерлі ісік «жасарып» барады.

Бұрын обыр 50-ден асқандардың дерті саналаса, қазір балаға да ауыз салды. BMJ Oncology ғылыми журналының дерегі бойынша соңғы 30 жылда 50 жасқа дейінгі адамдар арасында қатерлі ісікке шалдығу 80% артқан. Яғни, жер бетіндегі әр бесінші адам онкологияға ұшырайды. Ең сорақысы, ер азаматтар арасында әрбір тоғызыншысы, әйелдер арасында әрбір он екіншісі осы дерттен көз жұмады. «Жантүршігерлік статистикаға шылым шегу, ішімдік ішу, артық салмақ және ауаның ластануы себеп», - дейді ғалымдар.

Артық салмақтан арылу қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады Салмақ тастауға арналған дәрілер қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Бұл – Израиль ғалымдарының жасаған тұжырымы. Associated Press агенттігінің мәліметінше, зерттеуге 6 мың ерікті қатысқан. Олар 4 жылда қандағы қантты реттейтін және тәбетті басатын медициналық препараттар ішті. Нәтижесінде обырға шалдығу қаупі 7% кеміген. Бұл дәрілерді қабылдаған адамдарға тұмау секілді жұқпалы вирустар жұға бермейді.

Ғалымдар: «Көп жағдайда дәл осы қабыну обыр жасушаларының өсуіне түрткі болады», - дейді.

Жалпы артық салмақ кемі 13 түрлі қатерлі ісіктің шалдығуына әкелуі мүмкін. Күнделікті жаяу жүру қатерлі ісік қаупін 16% азайтады Күнделікті жаяу жүру қатерлі ісік қаупін анағұрлым азайтады. Мұны Оксфорд университетінің ғалымдары дәлелдеді. Олар 85 мың адамға арнайы құрылғы тағып, қимыл-қозғалысын бақылаған. 6 жыл жүргізілген зерттеу нәтижесі күніне 7 мың қадам жүру 11%, ал 9 мың қадам жасау обыр қаупін 16% азайтатынын көрсетті.

«Жүгіресіз бе, әлде асықпай жүресіз бе? Бұл жағы маңызды емес. Бастысы, күнделікті әдетке айналдыру керек», - дейді. Ғалымдар көп жағдайда қатерлі ісікке шалдығу жұқпалы аурулардың салдарынан болатынын ескертеді. Сондықтан обырдың алдын алу үшін ең алдымен тексерістен уақытылы өтіп тұру қажет.